Азық-түлік бағасын бақылауға Алматыда айрықша көңіл бөлінуде

Dalanews 29 қар. 2021 17:04 279

Алматы қаласы тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі өнімнің бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алматы қаласының әкімдігі аталған бағыт бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалада бағаны ұстап тұру бойынша негізгі қолданыстағы механизмі – «айналым сызбасы» бойынша жеңілдетілген қарыздар беру. Аталған механизм шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері өнімге қойылған шекті бағаларды бекіту ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) іске асыру бойынша өздеріне күрделі міндеттемелер алады, бұл ретте,қарыздар бойынша бөлінген ақшаларды әріптестер қала бюджетіне қайтарады.

ӘМАТ-қа өнімнің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 19 түрі жатады – 1 сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш.рожки.күнбағыс майы және сары май, құс еті, сиыр еті, сүт, айран, ірімшік, 1 санатты жұмыртқа, қант, тұз, нан, картоп. Пияз, қырыққабат, сәбіз.

«Айналым сызбасының» шеңберінде қарыздар берілді, соның нәтижесінде ӘМАТ-тың 60 мың тоннадан астам көлемде 19 позициясы бойынша бағалары ұсталып тұр, бұл қала бойынша бағаны 35%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Магнум желісінің 54 сауда орны, Тоймарт сауда желісінің 14 сауда орны, Асыл еттің 5 дүкені қамтылды.

Сонымен қатар, берілген «айналым сызбасы» тамақ өнеркәсібі өнімдерінің сату бағаларын бекітуге мүмкіндік берді.

  • «Asyl Meat» ЖШС 2022 жылдың 1 маусымына дейін 5 фирмалық дүкенде бір келісі үшін 2050 теңгеден бекітілген баға бойынша сиыр етін (жауырын-төс бөлігі) сатады.

  • «Алсад Казахстан» ЖШС «Магнум», «Смолл» және «Тоймарт» сауда желілері арқылы сөрелерде 10 данасы 440 теңге болып бекітілген баға бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын сатуды жүзеге асырады. 1 санатты жұмыртқаның бағасы статистика бағасынан 8%-ға төмен (орташа баға – он данасы үшін 479 теңге).


Халық үшін қол жетімді бағамен ӘМАТ-тың атауларының ұсынымын арттыру үшін қаланың                  7 негізгі базарында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме базар), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) әлеуметтік дүкендер ашылды, онда төмендетілген бағамен ӘМАТ-тың 10 атауы (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, рожки, ұн) сатылады, бұл сауда жасаушылар арасында бәсекелік ортаны құрайды.

Сондай-ақ, «Ет дүкендері» жобасы іске қосылды, онда қол жетімді бағамен сиыр етін және қой етін сату жүзеге асырылады, бағаны тұрақтандыру бір келісі үшін 2050 теңгеде сиыр етінің жауырын-төс бөлігі бойынша ұйымдастырылған. Аталған сәтте, «Жұлдыз», «Түрксіб» базарларында екі сату орны жұмыс істейді. Қаланың 7 ірі базарында «Ет дүкендерін» ашу жолымен жобаны кеңейту жоспарланып отыр.

Қала азық-түлік нарығында жағдайды жақсарту үшін тұрақты түрде жаңа шешімдер іздестіруде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x