«Ұлы Дала Алтыны» көрмесі әлемдік ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын оятты

Dalanews 12 қар. 2021 10:42 153

«Ұлы Дала Алтыны» көрмесі әлемдік ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырып, біздің еліміздің жаңа тарих беттерін ашуға мүмкіндік береді» деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Ұлы Дала Алтыны» көрмесі APOLLO журналымен музей әлеміндегі ең көрнекті оқиға ретінде танылғаны белгілі.

– Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілетудегі тарихи қадам ретінде бүгінде экспозиция Британдық Фицуильям мұражайында ұсынылған. Мұндай ауқымды іс-шаралар археологиялық зерттеулердің өңірлік бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр. Бірнеше нысандардағы қазба жұмыстарына біздің белгілі археологтар ғана емес, сондай-ақ ежелгі сақ дәуірінің мұрасына куә болуға ниеттенген басқа елдердің студенттері де қатысады. Табылған заттар металдарды өңдеу туралы білімдері бар және теңдессіз зергерлік шеберлікке ие болған көшпенділердің өркениет деңгейінің өте жоғары болғандығын аңғартады, – деді Даниал Ахметов.



Облыс басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, біздің тарих ғылымдарының докторлары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі», «Қазақстан тарихы» монографияларын дайындау мен басып шығаруға негіз болған жаңашылдықты қолға алып, төл мәдениетімізді құнды деректермен толыұтыруда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x