Back

Қарт жиһанкез велосипедін музейге табыстады

Велосипедімен әлемнің біраз елін аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Түркістан облысы, Ордабасы ауданына келді. Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ұжымы 81 жастағы атақты саяхатшымен кездесу өткізіп, спортты насихаттап жүрген ақсақалға құрмет көрсетті. Іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Кеңесбек Сейдімбек велосипед жүргізу денсаулыққа пайдалы екенін, қалалар мен мемлекетерді аралау барысында дүниетанымы кеңейгенін атап өтті.

Мазмұнды кездесуде Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Веломарафоншыға аудан әкімі Бағлан Баршаевтың «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді.

Жиын соңында қарт жиһангез 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Қажымұқан музейіне өткізді.

Сондай-ақ музейдің пікір кітабына естелік тілектерін қалдырды. Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.

Тағы оқыңыз:

Арыста Абайға бюст ескерткіш ашылды