Тәуелсіздік жылдарында Жетісудың жалпы өңірлік өнім 3 трлн 700 млрд теңгеге жетті

Dalanews 11 қар. 2021 11:53 190

Алматы облысында жалпы өңірлік өнім көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 35 млн.теңге болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3  трлн. 700 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн.теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн. теңгеден асады.

– 30 жыл ішінде өңірде 14,5 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бюджет түсімдері 1997 жылғы 11 млрд теңгеден бүгінгі күні 742 млрд. теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн. теңге инвестиция салынды, – деп атап өтті А.Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x