Сағынтаев Наурызбай мен Алатау ауданындағы инфрақұрылым нысандырының жұмысын тексерді

Dalanews 10 қар. 2021 05:05 170

Бүгін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарындағы су дайындау станциясы мен инженерлік желілер құрылысының барысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Наурызбай ауданында «Қарғалы» су жинау нысаны мен су дайындау станциясының құрылысы жалғасуда. Жоспар бойынша негізгі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Пайдалануға берілгеннен кейін қуаты тәулігіне 15 мың текше метр суды құрайды. Қала әкімі Құрамыс ш/а құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейінгі қалпына келтірілген 10 шақырым жолдың сапасын тексерді.

Алатау ауданындағы Самғау ш/а жиі өшетін электр қуатындағы ақаулар жойылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Тұрғындардың өтініші бойынша 30 үйге КСС бен кәріз желісін жүргізу жобасы әзірленеді. Сондай-ақ, балалар алаңын салу мүмкіндігі қаралды.



Қарасу ш/а-ның тұрғындары жолдың сапасына наразы. Мұнда 26,6 шақырым су құбыры мен 22,6 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі жол төсемін қалпына келтіру жұмысының сапасын бақылауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі абаттандырылған қоғамдық кеңістікті аралап көрді. Наурызбай ауданында, Қарағайлы шағын ауданындағы Тәжиев көшесінде «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша футбол, балаларға арналған ойын мен спорт алаңдары бар қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Алатау ауданындағы Ұлжан-1, 2 шағын аудандары арасында жаяу жүргіншілер аймағы салынды. Ондаған жыл қараусыз жатқан жер абаттандырылды. Қазір мұнда футбол алаңы, өзен үстіндегі көпір мен балалар ойын алаңы салынды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x