Созақ экономикасына 9 айда 34 млрд 206 млн теңге инвестиция тартылған

Dalanews 09 қар. 2021 13:37 264

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 285 млрд 972 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға өскен. Сондай-ақ, аудан экономикасына 9 айда 34 млрд 206 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9 айда 12 млрд 545 млн 500 мың теңгеге жеткен.

– Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 292,4 млн теңге инвестиция тартылды. Аудан бойынша биылғы жылы 13 280 гектар алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 350 гектар – бидай, 1 230 гектар – арпа, 1 202 гектар – мақсары, 897 гектар – жүгері, 518 гектар – картоп, 506 гектар – көкөніс, 508 гектар – бақша, 8 069 гектар – мал азығы дақылдары. Сонымен қатар, Шолаққорған, Созақ, Сызған ауыл округтерінің агроқрылымдары 186 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жүйесін орнатты, – деді Салыхан Сабырұлы.



2021 жылдың 9 айында жайылымдарды сумен қамту мақсатында 74 құдық қазылып, оларға 847 млн 640 мың 500 теңге субсидия төленген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x