Түркістанға келетін туристердің саны миллионнан асты

Dalanews 09 қар. 2021 10:41 253

2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Түркістан қаласына келушілер саны 1 247 265 адамды құрап, 2020 жылға қарағанда 5,5 есе өскен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысында орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 95 587 адамды құрады. Бұл туралы брифингте облыстық Туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында 8 туристік нысан пайдалануға берілген. 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1 млрд 787 млн 125,3 мың теңгені құраған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x