«Жұлдызша» жарысында шығысқазақстандықтардың жұлдызы жанды

Dalanews 18 қаз. 2021 16:18 134

ШҚО-да шайбалы хоккейден Республикалық «Жұлдызша» жарысының жүлдегерлері марапатталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, осы жылдың 13-18 қазаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Қазақстан,  Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласының оқушыларының командалары арасында шайбалы хоккейден республикалық «Жұлдызша» жарысы өткен болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шайбалы хоккейден шығысқазақстандық жас спортшыларымыздың жұлдызы жанып, екінші орынды қанжығалады.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жарыста спортшыларымыз жүлделі оралды. Олардың жас ерекшеліктері 9-15 жас аралығында. Қазір Президенттің тапсырмасына орай облысымызда бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Сонымен бірге, жастарды спортқа баулыған жаттықтырушыларға да алғысымыз шексіз, – деді облыс әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау және дамыту. Еліміздің құрама командаларын қалыптастыру үшін талантты ойыншыларды анықтау.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x