Байтұрсыновтың мұражайы Алматының меншігіне қайтарылды

Dalanews 13 қаз. 2021 16:45 246

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бақытжан Сағынтаев А. Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды. Қала әкімі мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

– Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады, – деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 шаршы метрді құрайды.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар сақталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x