Бәйдібек ауданында ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

Dalanews 05 қаз. 2021 17:01 210

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылындағы Жастар саябағының ашық алаңынан 110 көрерменге арналған жаздық кинотеатр пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 1 қазан – Қарттар күніне орай ашылған кинотеатрдың салтанатты лентасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай және «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Исаұлы қиды.

Салтанатты шарада мәдениет қайраткері, режиссер Батырхан Дәуренбеков жылы лебізін білдіріп, «Мейірім шуағы» фильмінің 70 дана бейнетаспасын ауданға тарту етті.

1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай жаңадан ашылған кинотеатрға ауданның барлық ауылдық округінен еңбек ардагерлері қатысты. Кинотеатрдан ардагерлерге «САҚ» киностудиясының «Мейірім шуағы» атты алғашқы фильмі көрсетілді.

Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ауданда тұңғыш рет ашылған кинотеатр. Алдағы уақытта жаңадан ашылған кинотеатрда аудан тұрғындарына түрлі жанрдағы кинофильмдер көрсетілетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x