Сағынтаев: «Балалардың кітап оқуға қызығушылығы жоғары»

Dalanews 27 қыр. 2021 04:37 214

Алматыда Kitap Fest кітап фестивалі өтті. Кітап форумын аралап көрген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын айтты.

– Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады, – деп жазды Алматы әкімі.



Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтуде. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысады, бетперде тағу міндетті болып табылады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x