Семейлік өрт сөндірушілер алапат өрттің алдын алды

Dalanews 01 там. 2021 05:08 191

Семейдің қақ ортасындағы дүкенді жалын шарпыды. Өрт сөндірушілер дүкеннің ішіндегі 6 газ баллонын дер кезінде шығарып үлгерген деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО Төтенше жағдай басқармасының мәлім еткеніндей Семейдегі Гагарин көшесінің бойында орналасқан дүкенде өрт шыққан. Нысанның ағашпен шапталған бөлігі және тоқаш өнімдерін пісіретін үлкен электр пеші отқа оранған. 

Семейлік өрт сөндірушілер оқиға орнына едел-жедел жеткен. 

“Тілсіз жауды тездетіп ауыздықтамасақ, оның жалыны жанындағы нысандарға да таралар еді. Өрттің жалпы аумағы 16 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер басын қатерге тігіп дүкеннің ішінде қалған, әрі жарылуға шақ тұрған 6 газ баллонды сыртқа алып шықты.



Дүкен қызметкерлері өрт тұтанған сәтте тысқа шығып үлгерді, зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Қызыл жалынмен күреске жеке құрамнан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде, алдын-ала мәлімет бойынша дүкен иелері электр жабдықтарын жаңаламаған, өрт қауіпсіздігі талаптарына немқұрайлы қараған. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x