Алматыда Ashyq қосымшасы коронавирустың таралуын біршама шектеп отыр

Dalanews 22 там. 2021 18:02 249

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Радован Симонович Ashyq жобасы коронавирустың таралуын болдырмаудың ең жақсы құралы екенін, сонымен қатар көптеген кәсіпкерлерге өз бизнесін сақтауға көмектесетінін баса айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Қосымшаның көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл бізге, біздің қызметкерлерге және келушілерге қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл бізге жұмыс жасауға мүмкіндік береді, үшіншіден, бізде эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға, адамдарды іс жүзінде тексеруге және Қаулы аясында жұмыс жасауға мүмкіндік бар, – дейді екі кафе директоры.

Радован Симонович Cafe Central мен Roma Caffe мегаполистегі Ashyq жобасының алғашқы қатысушыларының бірі болғанына өте қуанышты екенін мойындайды. Бұл мамыр-маусым айларында қатаң карантин кезінде жұмысын жалғастыруға көмектесті. Оның үстіне келушілердің төмендеуі сезілмеді.

– Иә, бастапқыда қонақтар әр түрлі қабылдады. Жобамен жұмыс барысында біз «сары» мәртебесі бар адамдарды үш рет және бір рет «қызыл» мәртебесі бар адамдарды анықтадық. Мұндай жағдайларда біз оларға қызмет көрсете алмайтынымызды түсіндірдік, өйткені біз бірінші кезекте қызмет көрсету саласына жатамыз. Қосымша бізге өз бизнесімізді сақтауға көмектесті және жұқтырғандарды анықтаудың ең жақсы құралы болып табылады, – деп қосты Р. Симонович.

Ashyq көшбасшы-нысанының өкілі екі кафеде 61 адам жұмыс жасайтынын және қызметкерлердің жалпы санының 89%-ы қазірдің өзінде вакциналанғанын айтты. Қалғандары медициналық себептерге байланысты немесе 18 жасқа толмағандықтан вакциналанбаған.

– Біз қаланың жоғары оқу орындарымен жұмыс жасаймыз, сондықтан бізде әлі 18 жасқа толмаған студенттер жұмыс жасайды. Қалған қызметкерлердің барлығы ыңғайлы болғандықтан «Достық Плаза» СОСО-ның екпе пунктінде вакциналанды, – деді Р. Симонович.

Екі қалалық кафе өкілінің өзі де сәуірде вакциналанған. Және ол өзін сенімді сезінеді, себебі ол вакцина аурудың ауыр түрінен қорғай алатынына сенеді.

«Менің ойымша, жеке тәртіп, жауапкершілік және денсаулықты нығайту – әркімнің жеке ісі. Әр адам вакцинациядан өтуі керек, әркім өз денсаулығы туралы ойлануы керек деп ойлаймын. Бәріміз жақындарымыздың денсаулығына мүмкіндігінше қамқорлық жасауымыз керек. Вакциналарға сену керек, көңілді болу керек, позитивті болу керек. Жақында бәрі өтеді», - деп қорытындылады дәмхана директоры.

Еске салсақ, Алматыда Ashyq жобасының 8 306 қатысушы бар, ал ерікті қатысушылар – 11 812 нысан. Ashyq жобасының көшбасшыларының саны- 281.

28 сәуір мен 15 тамыз аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x