Арыста жақсы жолдардың үлесі 77 пайызға жетті

Dalanews 13 там. 2021 08:14 186

Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылдық округіндегі 10 шақырымды құрайтын 11 көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, Арыс қаласындағы жалпы қанағаттанарлық жолдың үлесі 77%-ға жететін болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 11 көшенің 2 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Қалған 9 көшенің жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан-қараша айында аяқталмақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x