Нұр-Сұлтанда екпе алған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады

Dalanews 06 там. 2021 09:24 213

Елордада вакцина алатын жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады.

Елордалық "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Stop COVID-19" үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Байқау студент жастар арасында вакцинациялау арқылы COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Сайыс жеңімпазы елордалық мәслихат депутаты Азамат Манасұлының басшылығымен жұмыс істейтін "Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан" 1 миллион теңге алады. 2-орынға – 300 мың теңге, 3-орынға – 200 мың теңге.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін "Арена fitness", "Winox" фитнес-залдарының танымал желілерінен және "Хлебный край"компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазаны аралығында өткізіледі. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.


«Шарттар өте қарапайым: ниет білдірген қатысушылар 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Google Forms арқылы Instagram @astana_jastary профилінің тақырыпшасына қатысуға өтінім жіберуі қажет. Содан кейін қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген егу пунктінде 5 тамыз бен 5 қазан аралығында екпе алуы тиіс. Ары қарай вакцинация нүктесінен шығармашылық бейне-challenge түсіріп, оны Instagram және Tik tok-та жастардың ең көп санына тарату керек. Жарияланымдардың астында челленджге қатысушылардың санын бақылау үшін #stopCovid #молодежьзавакцинацию #nsjastary #astanajastary хэштегтері көрсетілуі қажет. Байқау соңында ең көп таралымға ие бейнеролик авторлары (1,2,3-орын) ақшалай сыйлық алады.



Байқау ережесінің шарттарымен Instagram парақшаларынан танысуға болады: @astana_jastary және @ns_jastary, немесе WhatsApp +77471909693 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x