Елордада улы химикат шашқан ба? Әкімдік даулы видеоға түсінік берді

Dalanews 03 там. 2021 08:45 246

Желіде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео тарауда. Онда белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның қасында бет-аузын тұмшалап алған жас жігіттер жүр.

Видео авторы цистерналарда у бар, бұл адамдарды өлтіру үшін улы химикаттарды әдейі шашу деп пайымдайды. 

Бұл дүдәмал болжамды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды.

Видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. Дезинфекциялық жұмыстарды «Столичная дезинфекция» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде.

Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинфекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі, – деп хабарлайды stopfake.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

[video width="234" height="426" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/08/231460958_354421536408074_8857111656793273437_n.mp4"][/video]

Сондай-ақ, елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

 

Қазақстандықтар «у шашу» туралы роликтерді бұған дейін де таратқан. Dalanews.kz әуеден у шашып, адамдарды улайтын ұшақтарды түсірген Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны туралы жазған.

Кейіннен ол мұның фейк екенін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұрады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

https://dalanews.kz/news/66079-turkistan-oblysyndagy-u-shashatyn-ushaq

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x