Сағынтаев болашақ чемпиондарды дайындауға жағдай жасалынып жатқанын айтты

Dalanews 28 шіл. 2021 14:01 234

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасы кезінде балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы үшін инфрақұрылым қалай жасалатыны туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда болашақ чемпиондарды дайындау үшін спорттық нысандардың қолжетімдігі мен ашықтығына баса назар аударылады әрі кешенді шаралар қабылдануда.

Осы мақсатта алты спорттық-сауықтыру кешенінің, сондай-ақ үлкен теннис пен үстел теннисі орталықтарының құрылысы жүргізілуде. Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенінде спорт кешенінің құрылысы аяқталуда.

Тегін қадамдық қолжетімді ашық алаңдарда, жекпе-жек орталықтарында 40-тан астам жаттықтырушы сабақ беруде. Осылайша, бір жарым мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануда. Сонымен қатар, жан басына шаққанда қаржыландыру арқасында үш мыңнан астам бала спорт секцияларына ақысыз барады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x