Төлеби ауданының шаруалары Маңғыстауға 80 тонна шөп жөнелтті

Dalanews 27 шіл. 2021 11:46 168

Төлеби ауданынан "Батысқа көмек" шарасы аясында Маңғыстауға 3 200 бау шөп тиелген вагондар жөнелтілді. Биылғы қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен батыс өңіріне төлебилік жастар мен еріктілер 80 тоннаға жуық мал азығын вагондарға артты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Төлеби ауданында 4 050 ден астам шаруа және фермерлік қожалықтар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады.

Биыл ауданда 65 946 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 29 563 гектар жерге ескі және жаңа жоңышқа егіліп, дала шөбі және сабанды қосқанда 155,9 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалған.

Ауданда 78 687 бас ірі қара мал, 39 002 бас жылқы, 208 789 уақ мал бар. Аталған мал басына қажетті мал азығы (жоңышқа, табиғи шөп, сабан) – 184,2 мың тоннаны құрайды. Ал, ағымдағы жылы 9 813 га суармалы егістік алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 61 пайыздан астамы мал азығына бағытталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x