Алматыда карантин талабын бұзған мекемелерге айыппұл салынбақшы

Dalanews 27 шіл. 2021 09:37 213

Алматыда карантин талабының сақталуы қатаң бақылауда. Өйткені, қаланың көңіл көтеретін мекемелерінде шектеулер бұзылуда. Бұл КВИ жұқтыру қаупін арттырады. Рестораторлар белгіленген жұмыс режимін қадағаламайды. 26 шілде күні жиналған барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне тапсырылды. Барлық фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту  шаралары қолданылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мониторинг топтары 31 548-ден астам нысанды тексерді. Оның 2700-ден астамының карантин талаптарын  бұзғаны анықталды.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі кезде қаладағы коронавирусқа байланысты ахуал әлі де күрделі. Сондықтан  құрамында әкімдік пен полиция қызметкерлері, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері, еріктілер бар мобильді топтар шағын және орта бизнес нысандарын, оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарының карантиндік шектеулерді сақтауларын тексеруді жалғастыруда.

Эпидемиологиялық талаптар бұзылатын нысандар ерекше  бақылауға алынады, олар: СОСО, кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары. Соның ішінде Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері де тексерілуде.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, егер олар Ashyq жобасының қатысушылары болса, сағат 20.00-ге дейін және екі жағдайда да келушілер 50%-ды әрі 50 адамнан аспайтын болса, тамақтану орындарына жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Алайда, Алматыда бір күннің ішінде  онға жуық карантин талаптарын  бұзғандар тіркелген.

Сондай-ақ 26 шілде күні сағат 22.14-те тексерушілер Дулати көшесіндегі жұмыс режимін бұзған "Ұлы Тау" мейрамханасын тіркеді. Олар Ashyq жобасының қатысушылары, бірақ шектеулерге қарамастан қонақтарды қабылдауды жалғастырды.

Тағы бір бұзушылық сол күні сағат 21.41-де "Алмалы" дәмханасында анықталды. Сағат 22.52-де тексерушілер әл-Фараби даңғылындағы "Nino" мейрамханасын тіркеді.

26 шілде күні сағат 23.10-да әл-Фараби даңғылындағы "Little Brazil" мейрамханасында жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Сондай-ақ бұзушылар тізімінде Хан Тәңірі ықшамауданындағы "Райский сад" және Достық даңғылындағы "ZQVADRAT" мейрамханалары бар.

Алматының мониторинг тобындағылардың айтуынша, жыл басынан бері карантин талаптарын бұзатындар анықталуда. Қала тұрғындары карантин режимін сақтауға барынша жауапкершілікпен қараулары тиіс: адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, ойын-сауық мекемелеріне олардың жұмыс режимінен тыс бармау, сондай-ақ вакцина мәселесін кейінге қалдырмау.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x