Алматы. Наурызбай ауданының мыңдаған тұрғынының орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады

Dalanews 21 шіл. 2021 17:04 127

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы онлайн-презентация кезінде Наурызбай ауданының қалаға қосылған шағын аудандары тұрғындарының ең басты мәселелерінің бірі қалай шешіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде 156,1 мың адам тұратын Наурызбай ауданы орталықтандырылған қалалық сумен жабдықтау жүйесімен 51,6% (80,6 мың тұрғын) қамтылған. Аудан халқының тағы 24,1% (37,6 мың тұрғын) суды жеке скважиналар мен желілерден алады. Тасымалданатын сумен 37,9 мың тұрғын (24,3%) қамтылған.

2020 жылдан бастап Құрамыс, Таужолы, Ақжар, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла, Тастыбұлақ және Таусамалы сынды 8 шағын ауданда  сумен жабдықтаудың және судан бұрудың жаңа желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қарғалы өзенінде сүзгі станциясы салынуда. 5 шағын ауданда коммуникация тартылды, жол жамылғысы қалпына келтірілуде, тұрғындар өз үйлерінен магистральды кәріз желілеріне қосуды жүргізбеуі салдарынан жұмыс кешеуілдеуде.

Өткен жылы Тастыбұлақ, Қарғалы, Жайлау шағын аудандарында 54 шақырым су құбыры және 30,5 км судан бұру желілері салынды. Жаңа желілерге 13 мың адам қосылды. Батыс кәріз коллекторының 33 км құрылысының ТЭН және ЖСҚ жасалды.

Ағымдағы жылы 5 шағын ауданда – Шұғыла, Ақжар, Құрамыс, Таусамалы, Таужолында 66,5 шақырым су құбыры мен 45,3 шақырым су бұр желілерін салу жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқтау 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтайтын 48,9 шақырым (73%) құбыр және 30,5 шақырым кәріз желілері (67%) салынды.

Атап айтқанда, Ақжар шағын ауданында 21 мың адам тұрады және мұнда 5,5 мың үй бар, өткен жылы 8,5 шақырым су құбыры, 6,7 шақырым су бұру желілері салынды. Биылғы жылы 10,5 шақырым сумен жабдықтау және 9 шақырым су бұру желілері салынады деп жоспарлануда.

Шағын ауданда құбыр тарту қарқыны қиынға соғуда. Өйткені, көшелер тар әрі тастар үлкен. Жұмыс қарқынын ескере отырып, Дәулеткерей мен Бекішев атындағы екі магистральді көшеге құбыр тарту келер жылы аяқталатын болады.

Құрамыс шағын ауданында 14,5 мың адам тұрады, мұнда 3,8 мың үй бар. 7,5 шақырым су құбыры мен 5,5 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 2,8 шақырым су құбыры, 2,1 шақырым су бұру желілері салынады деп жоспарлануда.

Өткен Шұғыла шағын ауданында 4 шақырым су құбыры  мен  1 шақырым су бұру желісінің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 9,1 км су құбыры, 6,5 шақырым су бұру желілері салынады деп жоспарлануда. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Жаңа желілердің ұзындығы 20,6 шақырым құрайды, оны Шұғыла шағын ауданының 22 мың тұрғыны пайдалана алады, мұнда 750 үй бар.

Өткен жылы Тастыбұлақ шағын ауданының төмен бөлігіндегі, Жандосов көшесінің солтүстігіне қарай 32,6 шақырым сумен жабдықтау және 10,4 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Жаңа желілермен 4,5 мың тұрғын қамтылған,мұнда 1730 үй бар. Тастыбұлақ шағын ауданының оғары бөлігінде 19,4 шақырым су құбыры, 8 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Мұнда 6,6 мың адам тұрады және 890 үй бар. Сумен жабдықтау желілерін пайдалануға беру «Ақсай» және «Қарғалы» су жинайтын нысандардың құрылыстары іске қосылған соң  мүмкін болады.

Таусамалы шағын ауданында 33,9 шақырым су құбыры, 9,6 шақырым су бұру желілерін салу жоспарланған. 3,2 мың үй бар шағын ауданның 12,2 мың тұрғыны желілерге қолжеткізетін болады.

Таужолы шағын ауданында 3 мың адам тұрады, 4 мың үй бар. Мұнда 10 шақырым су құбыры және 3,5 шақырым су бұру желілері  салынды. Биылғы жылы 5,3 шақырым желі салу жоспарланған, оның ішінде 3,9 шақырым сумен жабдықтау, 1,4 шақырым судан бұру.

Жайлау шағын ауданында  2,2 мың адам тұрады және 810 үй бар, 6 шақырым судан бөлу желілері салынған. Ағымдағы жылы 1,8 шақырым судан бөлу желісінің құрылысы жоспарланған.

Жалпы, Наурызбай ауданында биыл Таусамалы шағын ауданындағы 3, 2 мың үйде тұратын 12,2 мың адам жаңа су желілеріне қосылады.

Наурызбай ауданында 78,3 шақырым сумен жабдықтау желілері (Ақжар , Құрамыс, Тастыбұлақ (төменгі), Тастыбұлақ (жоғарғы), Таужолы, Шұғыла шағын аудандары) салынады. 19,6 шақырым судан бұру желілері  ( Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Шұғыла шағын аудандары) салынады.

ЖСҚ-ға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жұмыстары 2022-2023 жылдары жалғасады.

Ағымдағы жылы Таусамалы шағын ауданындағы 12,2 мың тұрғын (3200 үй) (100%) сумен жабдықтаудың жаңа  желілеріне қосылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x