Елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер мен екі iPhone12 ойнатылады

Dalanews 17 шіл. 2021 08:40 205

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кезекті екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың екінші ұтыс ойынына 7 шілде мен 16 шілде аралығында вакцинацияланған тұрғындар қатысады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қалалық әкімдіктіктің мәліметінше, осы уақыт аралығындағы қатысушылар саны — 53 мың 279 адам.

Ұтыс тікелей эфирде 17 шілде (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде (Facebook, YouTube) өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың алғашқы ұтыс ойыны 9 шілдеде өтті. Сол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап қалада 6 шілдеге дейін вакцинацияланғандар қатысқан.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандар арасында ID бойынша жүлде иегерлерін генерация арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты.

Айта кету керек, вакцинацияланғандар жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, яғни екпе алғандарға құжат толтырудың қажеті жоқ.  


IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.



Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ MEGA Silk Way СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны жарияланды. Елордада ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады.



Басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі бұрынғы режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x