Түлкібаста Қажымұқанға арналған жылжымалы көрме өтті

Dalanews 15 шіл. 2021 09:19 203

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өту аясында Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы аудандық өлкетану музейіне «Қазақ даласының батыры – Күш атасы Қажымұқан» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеде Қажымұқанға қатысты құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер көрермен назарына ұсынылды.

Іс-шараға Қажымұқанның көзін көрген, өнер көрсету кезінде пайдаланған тасын 75 жыл сақтап, 2018 жылы музей қорына өткізген қарт ана Жаңыл Бекбауова қатысты. Қария естеліктермен бөлісіп, батасын берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x