Алматыда отандық үлесті қамту 90%-ға жеткізу жоспарлануда

Dalanews 15 шіл. 2021 05:35 229

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы және Алматыда инфрақұрылымдық жобалар құрылысы шеңберінде осы жылы жергілікті қамту үлесін 90%-ға дейін ұлғайып, 101 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15,7 млрд теңгеге 5 жоба іске асып жатыр, оның ішінде құрылыс материалдарын сатып алуға 9,8 млрд теңге көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша 6,1 млрд теңге игерілді. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 94,2%-ды құрады.

ҚМЖ (құрылыс-монтаждау жұмыстары) жобалары бойынша 103,2 млрд.теңге сомасына 96 жоба іске асып жатыр, оның ішінде материалдарды сатып алуға 48,9 млрд теңге көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша 4,7 млрд теңге игерілді. Жергілікті қамтудың үлесі 88%-ды құрады.

Бүгінгі күні жергілікті қамтуды бақылау комиссиясының 24 отырысы өткізілді. Бұдан басқа, жұмыс тобы тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарына мониторинг жүргізіп жатыр.

Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссия Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен бірлесіп «алматылық өндірушілер» пулын құру және өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін өндіріске бірге көру жұмыстары туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда жұмыс тобы 13 отандық кәсіпорынға барды. Екінші жартыжылдыққа кәсіпорындардан тауарларға әлеуетті тапсырыс берушілер пысықталып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x