Шардара пауландары жеңіс тұғырынан көрінді

Dalanews 12 шіл. 2021 13:11 283

Шардара қаласындағы Спорт кешенінде ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа облыстан 12 команда бақтарын сынады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтыннан алқаны 55 кг салмақта Саят Чапай, 82 кг салмақта Руслан Аллаберді, 100 кг салмақта Қайсар Шамшидинов иеленді.

Күміс жүлдені 90 кг салмақта Зейін Бейсенбай және +100 кг салмақта Кенесары Орынбасар еншіледі.

Қола жүлдені 60 кг салмақта Азамат Айдынғали, 66 кг салмақта Қабылбек Нұрманов, 74 кг салмақта Мұса Мекенбай және түйе палуан күрескен Ерболат Есенбаев қанжығасына байлады.



Осы жарыстың үздік спортшысы болу Мұса Мекенбайға бұйырды.

Жалпы командалық есепте 1 орынды Шардара ауданы, 2 орынды Отырар ауданы, 3 орынды Ордабасы ауданы иеленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x