Cоңғы жаңалықтар
Back

«Nur Otan»: Түркістан қалалық филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалы филилының кезектен тыс XLV конференциясы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Конференцияны «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасын сайлау болды. Делегаттардың дауыс беруімен Нұрбол Тұрашбековтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тауып, ол «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістанның стратегиялық маңызы бар қала екеніне тоқталып, жаңа төрғаның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Облыс орталығы болғандықтан Түркістан филиалына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанына да тоқталды. Қала әкімі, қалалық филиал төрағасы Н.Тұрашбеков ел сенімін ақтау жолында аянып қалмайтынын айтты.

– 2020 жылдың қорытындысы бойынша партияның Түркістан қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1354 адам жүгінген, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда (734) 2 есе көп. Нәтижесінде өтініштің 687 оңтайлы шешіліп, 667 өтінішке заң аясында кеңестер берілді. 2021 жылы қаңтар-маусым айлары бойынша 754 өтініш келіп түскен. Оның 165-і (22%) оңтайлы шешіліп, 586 өтінішке заң аясында кеңестер берілген, 3 өтініш қаралу барысында. Жол картасын жүзеге асыру, халықпен диалог орнатып, олардың мәселелерінің шешілуіне ықпал ету жұмыстарын күшейту керек, – деді Б.Тәжібаев.

Конференцияда «Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы бойынша «Өзгерістер жолы»: Әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде Жол картасының орындалу барысы да сөз болды. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұловтың айтуынша, Түркістан қаласының Жол картасында 126 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 15-і (11,9%) орындалған, 90-ы (71,5%) орындалу үстінде, 21-інің (16,6%) орындалу мерзімі бар. 2021 жылдың І жартыжылдығында Түркістан қаласында келушілердің саны 209,3 мың адамды құрады. Қонақ үйлер ашылып, халықаралық әуе рейстері саны артқан. Қала айналасында 4 355 га жерде азық-түлік белдеуін құру жоспарланып, жыл басынан 1567 га игерілді. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 300 кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарланып, 4 айда 55,3 млн.теңгеге 108 кәсіпкерге субсидия берілген. Осы және өзге де деректерге тоқталған баяндамашы жетекші партияның сайлауалды бағдарламасын орындау басты назарда екенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Тағы оқыңыз:

Түркістан облысында Nur Otan депутаттары аудан, қалаларды аралайды