Шаруа: «Жылдың төрт мезгілінде қымыз сапырып, жүйрік баптаймыз»

Dalanews 07 шіл. 2021 08:46 338

Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округі таулы аймақта орналасқандықтан халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Соның бірі – «Қуаныш» шаруа қожалығы. Иесі Бекбасаров Зұлпыхар 20 шақты жылқы малын бағып, 10 бас сауынды биені сауып, кәсіпкерлігін бастаған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде қожалықтың қымызына деген сұраныс жоғары.

– Біз отбасымызбен мал баққан жандармыз. Бала кезімнен осы шаруашылыққа икемім бар. Мал бағудың қыр-сырын меңгеріп, қазір шаруашылықтың жұмысын дөңгелетіп отырмын. Жылдың төрт мезгілінде сары қымыз сапырып, саумал дайындап, жүйрік баптаймыз. Биені сүтіне, қымызына қала, ауыл тұрғындарынан сұраныс көп. Дайын өнімді тапсырыспен жеткізіп береміз. Бүгінде күніне 20-25 литр қымыз өткіземіз, – дейді қожалық иесі З.Бекбасаров.

Сондай-ақ, қожалық иелігіндегі 12 гектар жердің 8 гектарына бидай егілсе, 4 гектарға жоңышқа өсіріп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x