Түркияда "Қазақстан – ұлылардың отаны" атты велосаяхат ұйымдастырылады

Dalanews 24 мау. 2021 15:51 240

Түркияда белгілі волонтер Дамир Көшеев "Қазақстан - ұлылар Отаны" атты велосаяхат жасайды. Саяхат "Ыстамбұл-Анталья-Анкара-Ыстамбұл" бағытында жүреді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы қашықтық – 2500 шақырымды құрайды. Жоба – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. «Turan-TV» телеарнасы саяхатты түгел таспаға түсіріп, көрермен назарына ұсынатын болады. Бұл туралы брифингте телеарна директоры Роман Ботабеков мәлімдеді.

Волонтер Дамир Көшеев аталған саяхат екі елдің достығы мен бауырластығына арналатындығын жеткізді.

– Түркия – еліміздің егемендігін алғаш мойындаған бауырлас мемлекет. Отыз жыл бойы достық қарым-қатынас жасап келеміз. Түрік ағайындар ұлы ақынымыз Абайға арнап саябақ, ескерткіш орнатты. Бұл ел мен тұлғаларға деген құрмет. Біздің саяхаттың тағы бір мақсаты - туыс елге алғыс білдіру, құрмет көрсету, – деді Дамир Мархабатұлы.

Волонтер Дамир Көшеев бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласынан Жидебай ауылына дейін 1200 шақырым жолды 46 күнде жаяу жүріп өткен. Сондай-ақ, Алматыдан Ақтөбе қаласына велосипедпен 2200 шақырым жолды 24 күнде бағындырған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x