Cоңғы жаңалықтар
Back

Алматы. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 13 мың адам жұмыспен қамтылды

Карантин кезінде қала тұрғындары жұмыспен қамту мәселесі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен шешілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Данияр Әлкебайұлының айтуынша, халықтың осал топтарын қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі функцияларының бірі. Сондықтан қалада «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындары құрылуда.

– Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында 13 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарлануда. Оның ішінде 800 адамды жастар практикасына, 960 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 мың адамды қоғамдық жұмыстарға жібереміз, сондай-ақ мыңға жуық адамға грант беру қарастырылған, сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді оқытуға тағы мың адамды жібереміз және 115 алматылыққа шағын несие береміз әрі басқа да көптеген қолдау шараларын ұсынамыз, – деді Д. Әлкебайұлы.

Бұл ретте ұсынылатын мамандықтар ауқымы кең, ЖОО, колледждер, кәсіптік лицей түлектері де, зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар да, білімі жоқ адамдар өздеріне ұнайтын тұрақты жұмыс таба алады.

Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жүздеген қала тұрғындары күн сайын оларға жүгінеді.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 25 мың адам өтініш берген. Жұмыспен қамту шаралары бойынша 17,3 мың қала тұрғыны қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 7,7 мың адам жұмысқа тұрды, уақытша жұмыс орындарына – 8,3 мың адам жіберілді.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы қолдау шаралары туралы айтты.Бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы әрқайсысы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 1 мың грант беру жоспарланған. Бүгінде болашақ кәсіпкерлерге 495 грант берілді.

– Басты міндет – жұмыссыздыққа жол бермеу, сондықтан біз қала тұрғындарын жаңа сұранысқа ие мамандықтарға оқытамыз. Бүгінде 600 алматылық білім алуда, тағы да мың жұмыссыздарды курстарға жіберу жоспарланды, – деді спикер.

Сондай-ақ 2021 жылғы ноу-хау «бірінші жұмыс орны» жобасы болды. Ол жастарды жұмысқа орналастыруға әрі тиісті еңбек тәсілдерін үйретуге және бірінші жұмыс орнында бейімделуге бағытталған. Бүгінде осы жоба аясында 24 адам жұмыс істейді.

Д. Әлкебайұлы «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жер», индустриялық-инновациялық даму, агроөнеркәсіптік кешен, білім мен ғылымды дамыту, өңірлерді дамыту, туристік сала, «Еңбек» және басқа да бағдарламалар аясында Алматыда 15,6 мың жұмыс орны құрылғанын айтты.

Тағы оқыңыз:

Рашида Шайкенова: «Көлсай мен Алматы облысында әлемдегі ең жақсы қонақ үйлер бар»