Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркістан облысында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру басым бағытқа айналған

Түркістан облысында қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, ұжымдардың моральдық ахуалын зерделеу үшін жергілікті атқарушы орган 3050 мемлекеттік қызметші арасында жасырын сауалнама жүргізді. Облыстық әкімдіктің парақшасындағы жұмыс тиімділігінің онлайн-сауалнамасына қазіргі уақытқа дейін 1018 адам қатысқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері анонимді сауалнама қорытындысы бойынша 45 семинар- жиындар өтті. Мамандар 13 аудан орталықтарына және 32 ауылдық және ауылдық округтерге барып, жергілікті БАҚ-та жариялай отырып, азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Жеке кесте бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірге облыс әкімдігінің барлық басқармаларында этика нормаларын, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістерді, сондай-ақ қызметтердің сапасын жақсарту бойынша кеңестер өткізілді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің парақшасы ашылды. Бүгінгі таңда 36 есептік жарияланым жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-та этикалық нормаларды сақтаудың негізгі бағыттары туралы мақалалар жарық көрді. ЖАО барлық ғимараттарында жалпыға қолжетімді орындарда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі туралы толық ақпарат орналастырылған.

– Жыл басынан бері телефон арқылы кеңес алу үшін облыстың әр ауданынан 8 азамат жүгінді. Құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы туралы 6 өтініш түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша екі мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды, ал 4 өтініш бойынша құқық бұзушылық расталған жоқ. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және оған жол бермеу үшін осы жылдың наурыз айының соңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қызметкерлерімен кеңес өтті. Осы айдың басында партия филиалының қоғамдық қабылдауында Facebook-те брифинг болып, пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берілді, – дейді Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев.

Сондай-ақ, БАҚ-тағы жарияланымдар бойынша қызметтік этиканың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қалалар мен аудандардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын ынталандыру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмысты бағалаудың 16 көрсеткішінен рейтинг енгізілді. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметкерлерді профилактикалық материалдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Биылғы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келіп түскен өтініштердің жалпы саны 88-ге немесе 40% – ға төмендеді. Жеке тұлғалардан шағымдар саны 70-ке дейін немесе 47% – ға азайды.

Тағы оқыңыз:

Еліміз бойынша салынатын ең ірі 20 аурухананың алғашқысы Түркістанда салынуда