Келесте тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Dalanews 03 мам. 2021 19:00 220

Түркістан облысы Келес ауданында  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күні аясында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында татулық пен береке» атты ұлттық тағамдар сайысы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағамдар фестивалінде ауданға қарасты ауылдық округтерден жиналған 30-ға жуық қатысушы 30 қазан асып, өз ұлттарының ұлттық тағамдарын жасап, қазылар алқасының көңілінен шығуға тырысты.

Келес ауданы – көп ұлтты ауданның бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – аудандағы барлық өзге ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сенімділігін арттырып, достық қарым қатынаста болуға шақыру. Іс-шара соңында әділ қазы алқаларының есептеген шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x