Back

«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады

1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде  37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер.  Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.  

Білікті мамандардың қол астында жаттығатын  бала саны  800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады.

Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін,  ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар.

«Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», – дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры  Рамиль Мұратов.

Осы жылдар ішінде мектеп спорттық базаны нығайтуда және спортшыларды даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.  Мектеп ашылғаннан бері 14-спорт шебері, 80-спорт шеберіне үміткер, 46 – І спорттық разрядты және 500-ден астам бұқаралық разрядты спортшы дайындалды. 2019-2020 оқу жылы әр түрлі дәрежедегі жарыстарда 30 алтын, 36 күміс және 44 қола медальді қанжығаларына байлаған.

English EN Қазақ тілі KK Русский RU