Таңбалы тасты көрдіңіз бе?

Dalanews 25 мам. 2021 10:23 253

Көне ғасырдағы адамдардың айналысқан ісімен таныс болғыңыз келеді ма?  Онда сіз міндетті түрде Таңбалы тасқа баруыңыз қажет.

Жетісудың жеті өзенінің ең ірісі – Іле өзені. Мұнда көне мәдени ескерткіш орналасқан. Төрт стихия тоғысқан: ашық аспан, жел, күн, су. Айтып отырғанымыз – Таңбалы тас. Әртүрлі руна жазуы мен дұға, петроголифтер жартастарда қашалған.

Ең қызығы, ерекшесі – Будда суреті. Ұқыпты, әрі анық салынған сурет.

Алғаш рет Ш.Уәлиханов осы жерді зерттеп, будда мүсінін қағаз бетіне түсірген екен. Будда бейнелері бейбітшілік пен тыныштық мәдениетін бейнелейді. Жазылған жартастар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырға жатады. Бұл біздің ғаламшарымыздағы сирек кездесетін петроглиф!

Айналасына қарасаңыз, табиғаты ерекше, көрсең көзің тоймайды. Археологиямен, жалпы тарих саласымен қызығатын адамдар үшін таптырмас орын. Тек қана зерттеуге ғана емес, отбасыңызмен келіп тамашалап, пикник жасауға да болады. 5000 нан аса петроголифтер мүсіні көне тарихты көрсетеді. Деректерге сүйенсек, қазақ жерінде будда дінін ұстанған. Көшпелі тайпалар, рулар осы жерде бас қосып, құрылтай өткізген деседі.

Адамдар көп жүретін жерде экология мәселесе жоқ деу мүмкін емес. Тарихи жәдігер орнында қоқыс тастап, ластау мәдени мұраға қол сұққанмен тең.

Бақытжан Аманболқызы


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x