Алматыда «Қарызды төлеңіз – өсімақыны есептен шығарамыз!» атты акция жалғасуда

Dalanews 25 мам. 2021 04:49 306

«Қарызды төлеңіз – өсімақыны есептен шығарамыз!» акциясы Алматыда жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін коммуналды  кәсіпорындар алдындағы қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін жалғасуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өсімпұлды үнемдеу мүмкіндігінен басқа, бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуға, төлемеушілердің банктердегі есеп айырысу шоттарын алып тастауға мүмкіндік береді.

Акцияға қатысу үшін ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға бірқатар құжаттарды: өтінішті, жеке куәліктің көшірмесін, негізгі борыштың төленгенін растайтын (кассалық чек) квитанцияны info@alts.kz электрондық поштасына жіберіп, ТҚКО-ның аумақтық бөлімшелерінің  (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының) біріне жүгіну қажет.

ТҚКО-ның мекенжайлары және байланыс деректері:

- «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» шағын ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-49, е-mail: batys@alts.kz;

- «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондар: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;

- «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Сондай-ақ, АлЖЖ анықтамалық қызметіне 341-07-77 нөмірімен хабарласып, қарыз туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Қосымша WhatsApp нөмірі де жұмыс істейді: +7 (701) 027-11-20 ( айта кетерлігі, бұл нөмір тек хабарламаларды ғана қабылдайды).

Қарыз төленбесе жылу жүйесінен  ажыратылады, ал қарыз сомасы сот арқылы өндіріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x