Бәйдібек ауданында жерді айналдыра қазып, заңсыздыққа барғандар жауапкершілікке тартылады

Dalanews 24 мам. 2021 15:04 283

Түркістан облысында жер телімінің шекарасын заңсыз ор қазып қоршаған жалпы аумағы 41 876,5 гектар 139 жер телімі анықталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жер пайдаланушылар ҚР Жер кодексінің 140 бабының талаптарын бұзып, яғни жерді заңсыз бүлдіріп, жердің құнарлы қабатын бұзып, сыдырып алып қоршаған ортаға зиян келтіруде.

Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 337-бабына сәйкес, қоршаған ортаға келтірген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, жерлері сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы бүгін Бәйдібек ауданындағы пресс-тур аясында Түркістан облысының жер инспекциясы басқарма басшысының міндетін атқарушы Алтынбек Мырзаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодекстің 5-бабының 7-тармағы, 95-бабының 7 тармағы және 108-бабының 2-тармағына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісін анықтап, қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді.


Сондай-ақ, келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді және 117-баптың 8-тармағына сәйкес, тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдайды.

Қоршаған ортаға келтірілген шығын құнының мөлшеріне байланысты Қылмыстық кодекстің 333-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліке тартылу көзделген. Сонымен қатар, заңсыз жер пайдаланушылармен қазылған жерлерді қалпына келтіру үшін рекультивация жүргізілетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x