Шымкент – вакциналау бойынша екінші орында

Dalanews 14 мам. 2021 09:14 200

Шымкентте 1 қаңтар-14 мамыр аралықта COVID-19 ауруының 5 100 жағдайы тіркелді (3 184 симптомды, 1 916 симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 3 779, қайтыс болғандар – 40. 2021 жылдың 1 қаңтардан 14 мамырға дейін COVID-19 белгілерімен пневмонияның 394 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 125 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні қалада 1 406 төсек - орын бар. Толымдылығы – 50 пайыз. Бір тәулікте 2650 азаматтан ПТР сынамасы алынған. Алдағы уақытта шаһарда ПТР орталығын ашу көзделіп отыр.

Бұл жөнінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов баспасөз брифингінде баяндады.

– Шымкент вакциналау бойынша Алматыдан соң 2 орында. 43 вакцина егетін бекетте 1 компонент – 157 116 адамға, 2 компонент – 62 377 адамға егілді. Медицина қызметкерлері – 14 836, мұғалімдер – 23 761, құқық қорғау қызметкерлері– 9 569, студенттер – 5246, өзге де саладағы 94 249 тұрғын вакцина салдырды. Сонымен бірге түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 7 сәуірден бастап созылмалы ауруы барлар вакциналана бастады, саны – 7672. Шымкентте вакцина жеткілікті: Спутник, Qazcovid, HayatVax – үш түрі де бар. Соңғы бір апта көлемінде Qazcovid-тің 4 мың, 50 мың спутник, HayatVax-тың  24 000  дозасы жеткізілді, – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, қаладағы эпидахуал әлі де тұрақсыз,  реанимацияда жатқандардың басым бөлігі жастар екенін жеткізді. Карантиндік шектеулерді қасақана бұзушылар бойынша емханалардың шұғыл хабарламалары негізінде мониторингтік топтар 292 рейд жүргізген. Оның ішінде 195 нысанға айыппұл салынды.

Инфекциялық стационарлардағы барлық ауыр науқастардың созылмалы аурулары бар екенін, олардың барлығының вакцинациялануы қажет екенін түсіндірді. Себебі олар қайтыс болған науқастардың 96,8% құраған.

Тағы бір ескеретіні – өліммен аяқталған жағдайлардың себептерінің бірі  ауруханаға кеш және өте ауыр халде жеткізілуі. Орташа есеппен науқастар үйінде дәрігерлердің бақылауынсыз 7-10 күн арасында өзін-өзі емдеп жатып қалған. Сондықтан шымкенттіктерді вакцина қабылдауға, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дереу дәрігерлерге хабарласуға шақырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x