Шымкент экономикасының жеті саласында өсім байқалады

Dalanews 13 мам. 2021 08:17 138

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отырғанын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,4 пайызға жеткен. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша 1 бестікке кіріп отыр. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,3 мың шаршы метрге жетіп, 6,3 есеге ұлғайған. Бұл көрсеткіштің өсімі бойынша қаламыз республикада көш басынан көрінді.

Ал, ауылшаруашылығының өнім көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 1,6 пайызға өскен. Инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгені құрап,

25,2 пайызға артты. Өсім бойынша қаламыз республикада бірінші бестікке кірді. Сонымен қоса, құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд.теңгені құрап, 22,5 пайызға өсті.

Инвестиция және құрылыс жұмыстарының өсімі «ПКОП» ЖШС – мұнай өңдеу зауытында қайта құру және жаңа құрал-жабдықтар алу, «Hevel Kaзахстан» ЖШС-мен күн электрстанциясының, жол айрығы, тұрғын үй құрылысы есебінен болды.

Ал, жалпы сауда көлемі 103,9 пайызды құраса, көлік көлемі 105,9 пайызды құрап, республикада көш бастады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x