Шымкентте 10 жылдан бері инватакси мүмкіндігі шектеулі тегін қызмет көрсетеді

Dalanews 12 мам. 2021 07:43 244

Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар барынша атқарылуда. Мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан.

Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 170-180 тапсырыс қабылданады. Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады. Инватакси қызметі тегін.

Бекітілген 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.  Оның ішінде: бірінші топ-3324, екінші топ-14 950, үшінші топ – 12 288. Ал 18 жасқа дейінгі 6484 мүгедек бала тіркелген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x