Санитарлық тазалық жұмыстарына 29 техника мен 131 адам жұмылдырылған

Dalanews 08 мам. 2021 07:31 147

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар және ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:30 дан бастап жүргізілуде. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын «ЛТД-тұрмыс» ЖШС-гі атқаруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалануда. Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 29 техника мен 131 адам жұмылдырылған.

Қаланың тазалығына тек тиісті мекеме қызметкерлері ғана жауапты болмай, барша тұрғын атсалысуы тиіс. Әрбір тұрғын қала тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне өзіндік үлесін қоса білсе. Сүйікті қаламыздың тазалығына бірге атсалысайық!

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша 53-03-20 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x