Шымкентте күшті жел электр желілеріне кесірін тигізді

Dalanews 14 мам. 2021 07:13 195

Шымкент қаласында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетті. Қолайсыз ауа райының салдарынан қаладағы Нұрсәт, Тараз, Солтүстік - Шығыс шағын аудандарында электр қуаты апатты өшкен болатын. Кей көшелерде бағдаршамдар жұмыс істемей қалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 07:15-те «Восточная» 110/10 кВ қосалқы станциясынан  27 ұяшықтан шығатын 10 кВ әуе желісінде қатты жел салдарынан изолятор орнынан шығып кетіп, желілер айқасуы орын алды.

Осының салдарынан электр қуаты апатты өшіп, басқа желіге ауыстыру жұмыстарынан соң Нұрсәт шағын ауданына электр қуаты берілді. Қалған 2 шағын ауданды электр қуатына қосу үшін басқа желіге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары қала тұрғындарынан аздап келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, электр қуатын ретке келтіру үшін арнайы бригада жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x