Жаңаөзендік жас шебер ат әбзелдерін жасайды

Dalanews 22 мам. 2021 07:18 355

Жаңаөзендік 23 жастағы Өмірбек Әбжетов ат әбзелдерін, ер-тоқым, жүген, ноқта жасайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас шебер бала кезінен ат спортына қызыққан. Ол 13 жасында ат әбзелдерін дайындай бастаған.

Қазір Жаңаөзен қаласының тұрғындары оған тапсырып береді. Материалдар мен қажетті құралдарды Алматыдан әкеледі. Алдағы уақытта Өмірбек Әбжетов сүйікті ісін дамытып, кәсіп ашуды жоспарлап отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x