Риддерде бизнес-идеяларға арналған гранттар қарастырылды

Dalanews 22 мам. 2021 07:13 250

Риддер қаласында 2021 жылғы 20 мамырда тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды қарау жөніндегі комиссия өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы грантқа 11 өтінім қаралды, оның ішінде 4 көп балалы отбасы мүшелері.

Жалпы сомасы 5250,6 теңгеге 9 жоба мақұлданды:

- ІҚМ сатып алуға 2 жоба;

- «Шығармашылық шеберхананы» ұйымдастыруға арналған 1 жоба (табиғи және импровизацияланған материалдардан кәдесыйлар жасауға үйрету, тегін шебер-сынптар өткізу, кәдесыйлар жасау және «Кәдесыйлар дүкенін» ашу), қалада бұрыннан танымал қолөнерші Ирина Бородкина – көп балалы ана, оның жұмысы көптеген қала тұрғындарына таныс, үйлердің кіреберістерін бояп, мерекелерде тегін шебер-сынптар өткізеді.

- «Атаулы кестелер» тігін шағын цехын, «Ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігу цехын ұйымдастыруға 2 жоба»)

- 1 жоба кондитерлік өнімдер өндірісі

- 1 жоба «Фризерден жұмсақ балмұздақ жасау»

- 1жоба «Тез тамақтану  орны (бургерная)»

- 1 жоба «Неодим лазермен татуажды жою»

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x