«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы үржарлықтармен кездесті

Dalanews 22 мам. 2021 05:21 245

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахытқызы жұмыс сапарымен Үржар ауданына барып, Үржар ауданының активімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сапардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз иелігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектрін алуға мүмкіндік беретін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндіру.

Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Тұрлыбеков, мәслихат хатшысы К. Карашев, аппарат басшысы А. Баймурзаев, құқық қорғау органдары басшылары, дербес бөлім, мекеме басшылары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері (ZOOM арқылы) қатысты.

Жиын барысында әкімшілік нормалар мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсат-міндеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеудің сараланған жүйесін түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдіктің» жұмысымен танысты. Бұл қызмет «Open space» форматында жұмыс істейді. «Ашық әкімдік» – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді, ақпараттық ашықтықты, азаматтар үшін мемлекеттік органның есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x