Елорда «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін қарқынды іске асып жатыр

Dalanews 13 мам. 2021 10:50 272

Жылына 1 ағаш ауаны 27 келі ластанудан тазартады. «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып, «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін іске қосты, , – деп хабарлайды Dalanews.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жылына 1 гектар жапырақты ағаш 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Осыны басшылыққа алып, елорда тұрғындары «ағаш отырғыз» челленджін қолға алды. Бұл бастаманы қалалық қызмет көрсету ұйымдары – ПИК және МИБ белсенді қолдады.

Азаматтар көшеттер сатып алып, өз аулаларында, үйінің жанына отырғызуда.

Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Әкімдік өз тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырып жатыр.

Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x