Семейлік кәсіпкер Риддердегі өрттен зардап шеккендерге 10 миллион теңге бөлді

Dalanews 12 мам. 2021 17:49 170

Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері арнайы шотқа 16 млн теңгеден астам қаражат аударып, гуманитарлық көмек жинады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, соманың көп бөлігін, атап айтқанда 10 млн теңгені  «Фирма Азия» ЖШС бөлген, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Тек бірігіп қана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Бұл жағдайда да жерлестерімізге көмек көрсетуі керек. Барлық немқұрайлы емес тұрғындар мен кәсіпкерлерді өрт салдарынан зардап шеккендер жерлестерімізге көмек көрсетуге шақырамын, – деді «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова.

Айта кету керек, қала кәсіпкерлері 15 тоннаға жуық азық-түлік жинады. «Агрофирма – Приречный» ЖШС 5 тонна пияз және 5 тонна қырыққабат бөлді. «Ай-Ар» ЖШС 350 келі 1 сұрыпты ұн, «АҚ-нан КЗ» ЖШС 250 келі ұн. «Семнан» ЖШС-і өз өндірісінің ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін, атап айтқанда 10 қорап печенье, 10 қорап қытырлақ нан және сонша тәтті тоқаштар жіберді. «Semei Qus» ЖШС 2 санаттағы 10 қорап жұмыртқа. Ал «Апрель» көпфункционалды кешені гуманитарлық көмек үшін 50 келі күріш, 100 келі макарон өнімдері, 50 келі қарақұмық жармасы, 50 литр күнбағыс майы, сондай-ақ 50 келі ұн мен қант бөлді.

Бүгін Семей аталған көмек қоры жиналған екі жүк көлігі Риддер қаласына жөнелтілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x