Cоңғы жаңалықтар
Back

Сағынтаев Алматыны селден қорғайтын бөгеттердің құрылыс жұмыстарын тексерді

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай мен Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі селден қорғайтын бөгеттердің құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы ағысында 114 мұздық пен 35 мореналық көл бар. Су арнасынан тасыса 5 мыңнан астам нысан мен 40 мыңнан астам адам қауіпті аймақта қалуы мүмкін.

Бұл бөгеттер мегаполистің Наурызбай, Әуезов пен Алатау аудандарының тұрғындары мен нысандарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

Бақытжан Сағынтаев сумен жабдықтау мен су бұру инженерлік желілерінің құрылысы, сондай-ақ Таужолы ықшам ауданындағы жолдың қалай қалпына келтіріліп жатқанын тексерді.

– Тұрғындар желі тартылған Досмұхамедов магистралды көшесінің жағдайына алаң. Жолды қалпына келтіруді бастау үшін мұнда қалған 40 үйдің иелері желіге қосылуды тездетуі тиіс. Қазірдің өзінде мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп жазды қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Тағы оқыңыз:

Әсел Қалықова: «Вакциналаудың қарқыны сақталса, Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптасады»

English EN Қазақ тілі KK Русский RU