Нұрсұлтан Назарбаев: «Түркістан туристер үшін де бірегей мекенге айналады»

Dalanews 11 мам. 2021 17:15 163

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда музыкалық драма театрдың ашылу рәсіміне қатысып, түркі халықтарының тарихы мен өмірінен сыр шертетін «Шаңырақ» миниатюрасын тамашалады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қойылым соңында Елбасы театр әртістерімен сөйлесті, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Сондай-ақ БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, қала мен өңірдің негізгі даму нәтижелері туралы айтты.

– Түркістан қазіргідей жаңғыруды бұрын-соңды басынан өткізіп көрген емес.  Танымастай болып өзгерді. Бұл жер қазақстандықтар үшін ғана емес, барлық туристер үшін де бірегей мекенге айналады, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті инвестициялық және туристік жобаларды, сондай-ақ қаланың және тұтас өңірдің тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды  одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

–  Қалада жаңа жұмыс орындары ашылуда, жастарға мол мүмкіндік жасалып жатыр. Туризм университеті бой көтерді, бүгін тамаша театрдың тұсауы кесілді. Бұл шын мәнісінде айтулы оқиға, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x