ШҚО-да 163 кәсіпорын "Ashyq" жобасына енді

Dalanews 06 мам. 2021 10:00 133

26 сәуірде Қазақстанда іске қосылған "ASHYQ" жобасы бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған. Арнайы жасалған қосымша ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген, бұл жеке тұлғаның ауырғанын немесе ауырғандармен байланыста болғанын анықтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2021 жылдың 4 мамырына Шығыс Қазақстан облысында 163 кәсіпорын "Ashyq" жобасына кірді.

Жобаға кірген кәсіпкерлік нысандардың қатарында сауналар, фитнес-орталықтар, СПА-орталықтар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярдтар, кинотеатрлар, театрлар, қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар бар.

"Ashyq" жобасының мақсаты – вирус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. Бизнес нысандарын "қызыл" немесе "сары" аймақта болуына қарамастан, халыққа қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады.

"ASHYQ" қосымшасын пайдалану кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық нормаларды сақтау жауапкершілігінен босатпайды, алайда індеттің таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

ASHYQ жобасымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың тізімі 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x