Ордабасы ауданында 40 кәсіпкер кепілсіз несие алып, кәсібін дамытуға кірісті

Dalanews 13 сәу. 2021 12:08 195

Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша сауда және қызмет көрсету салаларындағы жеке кәсіпкерлерге қаражат айналымын ұлғайту үшін 5 млн теңгеге дейін кепілсіз несие беріледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Несиенің жылдық сыйақы мөлшерінің 6 пайызын ғана кәсіпкер төлейді, қалған бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Олардан кепілге мүлік талап етілмейді, өйткені «Даму» кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы алатын несие қаржының 85 пайызына екінші  деңгейдегі банк ұйымының алдында кепілдеме береді.

Ордабасы ауданында кепілсіз несие тәртібі барлық ауыл округ тұрғындарына жан-жақты түсіндірілуде. Қазіргі таңда кепілсіз несие алуға ниетті кәсіпкерлердің 40-ы 150 млн теңгеден астам қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дамытуға кірісті. Жалпы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 11 мыңнан асады. Осы құрылымдар бойынша 15 мыңнан азамат жұмыспен қамтылған.

Өткен жылы ауданда шағын несие ұйымдары арқылы 5 мыңнан астам адам 4 млрд теңгеге жуық несие қаржы игерді. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында банк несиелерін субсидиялау желісімен 8 жоба 64 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайтын 34 потенциалды жоба сүйемелденіп, 789 млн. теңгені құрайтын 24 жоба қаржыландырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x