Back
| DalaNews

Маңғыстауда 6 учаскеде суға шомылуға тыйым салынды

Маңғыстауда 6 учаскеде суға шомылуға болмайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов айтты деп, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға түсуге тыйым салынған және шомылуға рұқсат етілген жерлерге қатысты нормативтік құжаттар қабылданды. Яғни «Маңғыстау облысында ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешімімен облыс аумағындағы 6 орында суға түсуге тыйым салынған.

– Олар Ақтау қаласы бойынша 4 шағын аудандағы «Caspian Rivera Grand Palace» қонақ үйінен 5 ш/а М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін және «Шора» су каналы. Түпқараған ауданы бойынша «Көгілдір айлақ» 64 шақырым, 43 шақырым, «Саура» 86 шақырым, «Тамшалы» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 30 шақырым, «Сарытас» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына дейінгі аралыққа суға түсуге тыйым салынады. Жабдықталмаған және рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға, суға мас күйінде түсуге, сондай-ақ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруына болмайды. Сол себепті суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шарасын әр адам өзінен бастау қажет, – деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов.

Суға шомылу маусымы кезеңінде облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, алдын алу және практикалық іс-шаралар кешені қарастырылды. МО Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына, оның ішінде балаларға профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстары мен рейдтік шараларын карантин талаптарын сақтай отырып тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар баспасөз конференциясына қатысқан департамент басшысы Мұрат Мұханов жыл басынан бері анықталған өрт жағдайына тоқталды.

– «101» және «112» телефон нөміріне түскен шақыртулар нәтижесінде департамент мамандары 700-ге жуық авариялық-құтқару жұмыстарын  жүргізді. Сондай-ақ департамент қызметкерлері 3 орман қоры мен қорықты белгіленген тәртіп бойынша тексерді. Онда 20 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғандығы анықталды. 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелерімен бірлесіп 5 мобильді топ құрылды, – деді Мұрат Мұханов.

Тағы оқыңыз:

Маңғыстауда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын мобильді топ құрылды