Ордабасы ауданында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды

Dalanews 23 сәу. 2021 08:55 168

Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриялды аймағында автоклавталған, силикатты ұялы бетон шығаратын зауытының іргетасы қаланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«RZN» ЖШС жобаға шамамен 8 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлауда. Зауыт тәулігіне 1000 данаға дейінгі автоклавты ұялы бетон шығарады. Өндіріс орнында 150 жұмыс орны ашылады. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Биыл «Индустрияландыру картасы» аясында тағы үш жоба іске қосылып, 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.  Атап айтсақ, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдеу жобасының қуаттылығы жылына 1 млн. тонна.  Жобаның жалпы құны – 24 млрд теңге 200 адам жұмыс орнымен қамтылады. «NA Constraction» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы.  Жалпы құны 2,6 млрд. теңге 100 жұмыс орнымен. «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы. Жалпы  құны 8 млрд. теңге.

Жалпы, Қазақстанда газ блогына орташа жылдық қажеттілік 3,6 миллион текше метрді құрайды. Елімізде мұндай 10 өндіріс орны жұмыс істейді. Ал, Түркістан облысында бұл – осы типтегі алғашқы жоба.

– Осы өнімдердің жетіспеу мәселесі Мақтаарал өңіріндегі қалпына келтіру жұмыстары кезінде және Түркістан қаласындағы ауқымды құрылыстар барысында байқалды. Түркістан аймағындағы қолайлы инвестициялық ахуал бізге ең жақсы инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Мұны статистика да дәлелдеп отыр. Өткен жылы Түркістан облысы кәсіпкерлікті жүргізу бойынша бірінші орынға шықты және негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі бойынша көшбасшы болды, – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Солтүстік Қазақстан облысынан келген инвесторға жобаның барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетілді. Нәтижесінде, биылдың өзінде аймақтық құрылыс индустриясы жергілікті өндірістегі автоклавталған ұялы бетон үлестіреді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x